fbpx
Уикипедия

Қасым хан

Қасым хан (14451521) — қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі.

Қасым хан
Лауазымы
15111521
Ізашары Бұрындық хан
Ізбасары Мамаш хан
Өмірбаяны
Діні Ислам, суннизм
Дүниеге келуі 1445 (1445)
Көшпелі өзбек хандығы
Қайтыс болуы 1518 немесе 1521
Сарайшық
Жерленді Сарайшық
Әкесі Әз-Жәнібек хан
Анасы Жаған-бегім Ханым
Жұбайы Ханық сұлтан Ханым, Сұлтан Нігар Ханым
Балалары Мамаш хан, Хақназар хан, Әбілқайыр сұлтан
өңдеу

Шешесі Жаған-бегім Ханым Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.

Мазмұны

Қасым хан (1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (15111521), Әз-Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Әз-Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90-жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мәуереннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилер ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мәуереннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломатикалық жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ атты әскерінің саны 300 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болды.

Қасым ханның тарихта үш ұлының аты қалған. Олар: Мамаш, Хақназар хандар және Әбілқайыр сұлтан. Мамаш хан Қазақ хандығының тарихындағы аласапыран кезеңде билік етіп, қақтығыс кезінде қаза тапқан. Ал Хақназар хан қазақ халқының тарихында ұлы билеуші ретінде қалғаны белгілі. Әбілқайыр сұлтан Иран шахымен болған шайқаста 1511 жылы қаза болған.

Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауына дейін, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асты.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан кезінде былай деп жазыпты:

Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.

Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді."

«Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:

  • Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
  • Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
  • Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
  • Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Бізге белгілі, «Қaсым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғы|жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Қасым «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

  • Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
  • Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».
  • Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».
  • Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».
  • Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».
  • Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жегеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін'».
  • Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Н.Өсерұлы «Жеті жарғы» Алматы «Жеті жарғы» 1995 жыл

Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы – Исмаил Хусейни Мараши Табризи. Ол өз ортасына Мир Мулайим Бек деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазба Сефевидтер әулетінің (XVI-XVIII ғасыр) та­рихы мен осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертеді. Бұл қолжазба – 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Беттер саны түгел емес, басында және соңында беттері түсіп қалған. Жазуы «наста‘лиқ» үлгісінде таңбаланған. Қолжазбаның алғашқы бөлімдерінде Сефевидтер әулетінің билікке келу тарихы мен билік құруы туралы әңгіме болады. Ал қолжазбаның соңғы бөлімінде осы әулеттің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының авторы осы еңбекті жазу үшін бірнеше тарихи еңбекке («Раузат ас-сафа», «Тарих-и алам арайи Аббаси», «Хабиб ас-Сийар») сүйенгендігін және сондай-ақ шығарманы жазу барысында ауызша жеткен деректер мен әңгімелерді пайдаланғандығын тілге тиек етеді. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның аты аталады. Шығарманың авторы Қасым ханды Дешті Қыпшақтың «ханы» кейде «патшасы» деп, бірнеше жерде атап көрсеткен. Аталмыш қолжазбадағы деректерге сүйенсек, Иран шахтары мен Орталық Азия хандарының арасындағы шиеленіске толы оқиғалар әңгіме болады. Қазақ хандығына қатысты дерек Қасым ханның атымен тығыз байланысты. Автор Дешті Қыпшақ ханы Қасым хан мен Шахи бектің арасындағы тартысты баяндайды. Шахи бек Бұқара ханы Абдолланың немере інісі болып табылады. Оқиға Иран шахы І Исмаилдің Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға хат жазуынан басталады. Ол Қасым ханға жолдаған хатында Шахи бектің өзінің атына арнайы теңге соқтырғанын хабарлап, оған қарсы әрекет қолданбаса, мәселенің бетін алу қиынға соғатынын ескертеді. Қасым хан Иран шахына жазған жауап хатында Шахи бектің атын өшіріп, оның орнына өзінің атын жаздыртып, теңге соқтыруға бұйрық бергендігін хабарлайды.

Хаттардағы мәліметтерге қарап, Иран шахтарының Қасым ханмен қатты санасып, мәмілеге жүгініп отырғанын байқаймыз. Мұның барлығы Қасым ханның ресми хан көтерілгеніне дейін болған оқиғалар екендігін ескергеніміз абзал. Қасым ханның есімі таққа отырғанға дейін де танымал болғандығын және саяси сахнада беделі жоғары болғандығын осы қолжазбадағы деректер дәлелдеп береді.

Осы уақытқа дейін бұл қолжазба туралы Ч.Стори «Персидская литература» каталогында атап көрсеткен, бірақ ол аталмыш қолжазба туралы атап қана өткен. Жалпы, «Тарих-и Сафавие» деген атпен сақталған қолжазбалар көп, бірақ солардың ішінде аталған нұсқа Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады.

Қазақ тарихына қатысты қолжазбалардың бірі Тегерандағы Қажы Хусейн Малек атындағы ұлттық кітапханадан табылды. Мұхаммад Тахир Вахид Қазвини жинақтаған Аббас шахтың көрші елдердің патшалары мен хандарына жазған дипломатиялық хаттарының көшірмелері – «Муншаат» жинағында Иран шахтары мен өзбек хандығы арасында жазысқан хаттардың қазақ тарихын зерттеуге қосар үлесі орасан мол. Себебі сол кездегі өзбек хандарының Иран патшаларымен арадағы дипломатиялық хат алмасуларында Хорасан, Самарқанд, Бұқара, Дешті Қыпшақ және Ташкент аймағында орын алған тарихи оқиғалар әңгіме болған. Дәлірек айтқанда, күш алып, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақ хандығы туралы өзбек хандары Иран шахтарына жазған хаттарында баяндап отырған. Мысалы, Абдулмумин ханның Аббас шахқа жазған хатында «Дешті Қыпшақты мекендеген қазақтардың саны күннен-күнге артып, күшейіп келе жатыр, осы жайды ескеру керек» деп жазады.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1521 жыл деп көрсетеді.

Қадырғали Жалайырдың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы А. П. Чулошников Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында кұламай аман тұрғанын жазады.

  1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6

Қасым хан
Қасым, хан, Қазақ, хандығының, ші, ханы, 1511, 1521, Тіл, Бақылау, Өңдеу, 1445, 1521, қазақтың, ұлы, хандарының, бірі, Қазақ, хандығының, негізін, қалаушылардың, бірі, Әз, Жәнібек, ханның, ортаншы, баласы, және, Шайбанидтер, мемлекетінің, ханы, Мұхаммед, Шайба. Қasym han Қazak handygynyn 4 shi hany 1511 1521 Til Bakylau Өndeu Қasym han 1445 1521 kazaktyn uly handarynyn biri Қazak handygynyn negizin kalaushylardyn biri Әz Zhәnibek hannyn ortanshy balasy zhәne Shajbanidter memleketinin hany Muhammed Shajbani hannyn bolesi Қasym hanLauazymyҚazak handygynyn 4 shi hany1511 1521Izashary Buryndyk hanIzbasary Mamash hanӨmirbayanyDini Islam sunnizmDүniege kelui 1445 1445 Koshpeli ozbek handygyҚajtys boluy 1518 nemese 1521 SarajshykZherlendi SarajshykӘkesi Әz Zhәnibek hanAnasy Zhagan begim HanymZhubajy Hanyk sultan Hanym Sultan Nigar HanymBalalary Mamash han Haknazar han Әbilkajyr sultanondeu Sheshesi Zhagan begim Hanym Shajbani әuletinin atakty hany Muhammed Shajbanidin inisi Mahmud sultannyn sheshesinin tugan sinilisi 1 Mazmuny 1 Өmirbayany 2 Ұrpaktary 3 Handykty baskaruy 4 Қasym han zhajynda 5 Қasym hannyn kaska zholy 6 Қosymsha 7 Қasym han zhazba derekterde 8 Zherlenui 9 Derekkozder 10 Syrtky siltemelerӨmirbayany ӨndeuҚasym han 1445 1521 zhyldary Қazak handygynyn hany 1511 1521 Әz Zhәnibek hannyn uly Tarihta Қasym hannyn esimi Қazak handygynyn kүsheyui zhәne nygayuymen tikelej bajlanysty Zhazba derekterde Қasym han 15 gasyrdyn 70 90 zhyldary Қazak handygynyn Syr bojyndagy kalalar men onirler үshin zhүrgizgen kүresterge belsene katysady basshylyk etedi Bul kezde kazak hany Kerejdin uly Buryndyk kazak әskerinin kolbasshysy Қasym han boldy Osy kezendegi okigalardy bayandajtyn derekter Қasym handy belgili sultan zhәne atakty baһadүr dep atajdy Shirek gasyrga sozylgan Syr bojy үshin kүreste Қasym han zhәne Әz Zhәnibek hannyn baska da uldary Syganak Sauran Otyrar Sajram tүbinde birneshe ret Shajbani han әskerin tas talkan etip zhenedi 15 gasyrdyn 90 zhyldary zhasalgan bejbit kelisim bojynsha Қazak handygyna Syganak pen Sauran otedi Bul kalalarda Zhәnibek han uldary bilik zhүrgizedi 15 gasyr basynda Mәuerennahrdy bagyndyryp үlken kүshke ie bolgan Muhammed Shajbani han 1506 10 zhyldary үzdiksiz tort ret kazaktarga zhoryk ujymdastyrady Buryndyk han Shajbani hannyn algashky үsh zhorygyna tojtarys ujymdastyra almajdy Onyn bedeli tomendejdi Al zhazba derekterde bul kezde Қasym handyk bilikte bolmasa da onyn bedeli hannan kүshti boldy zhәne ozin derbes ustau үshin Buryndyk hannan alysta koship konyp zhүrdi delinedi 1510 zhyly Shajbani hannyn songy tortinshi zhorygy Ұlytau onirindegi Қasym hannyn ulysyna bagyttalady Қasym han әskeri Shajbani han әskerin tas talkan etedi de zhaudy Syr bojynan kuyp shygady Osy zhenisten son eshkim de Buryndyk han turaly ojlamaj Қasym han biligin mojyndajdy Buryndyk bolsa Samarkan zhakka ketuge mәzhbүr bolady 1511 13 zhyldary Қasym han Shajbaniler isimen ajnalysady 1512 13 zhyly erte koktemde Қarataldagy Қasym hanga Sajram kalasynyn әkimi Қattabekten adam kelip Қasym han biligin aluyn surajdy Қasym han Қattabektin usynysyn kabyl alyp ol zhakka bir әmirin zhiberedi de ozi Taraz zhakka bagyt ustajdy Қattabektin usynysymen Қasym han Tashkentke zhoryk zhasajdy Birak zhoryk sәtsiz bolyp Қasym han Sajram manyna kajta oralady 1513 zhyly zhazynda Shu bojyndagy Қasym han Ordasyna Әndizhannan mogol hany Sultan Sajd han elshilikpen keledi Onyn maksaty Tashkenttegi Sүjinish hanga zhalpy Mәuerennahrdagy shajbanilar әuletine karsy birigip kүres ujymdastyru edi Қasym han bul usynyska diplomatikalyk zholmen zhauap beredi Sultan Sajd han maksatyna zhetpese de Қasym hannyn korsetken kurmetine ote riza bop kajtady 1517 21 zhyldary Қasym han Қazak handygynyn batysynda belsendi sayasat zhүrgizedi Nogajlardyn bir boligi kazaktarga kosylyp shekara Edilge dejin zhetedi Orys derekteri bojynsha Қasym han 1521 zhyly kysta kajtys bolady Denesi Sarajshykta zherlenedi Қasym han tusynda kazak atty әskerinin sany 300 myn halkynyn sany 1 mln ga zhetedi Shekara batysta Edilge ontүstikte Tashkentke dejingi zherlerdi kamtydy Қasym han oz tusynda berik zhәne adal handardyn biri boldy Ұrpaktary ӨndeuҚasym hannyn tarihta үsh ulynyn aty kalgan Olar Mamash Haknazar handar zhәne Әbilkajyr sultan Mamash han Қazak handygynyn tarihyndagy alasapyran kezende bilik etip kaktygys kezinde kaza tapkan Al Haknazar han kazak halkynyn tarihynda uly bileushi retinde kalgany belgili Әbilkajyr sultan Iran shahymen bolgan shajkasta 1511 zhyly kaza bolgan Handykty baskaruy ӨndeuBuryndyk han Samarkanga ketuge mәzhbүr bolyp zhat elde kaza bolgan son Қasym han bilikti oz kolyna aldy 1511 zhyly Қasym han bilikke kol zhetkizgennen kejin Қazak handygy Қasym handygy dep atala bastady Қasym han tusynda Қazak handygy sayasi ykpalyn kүshejtip iri zhәne kuatty handykka ajnaldy Қasym handygynyn aumagy batysta Syrdariyanyn ontүstik zhagalaularyna dejin ontүstik batysynda Tүrkistan kalalaryna dejin ontүstik shygysynda Zhetisudyn soltүstik boliginin taulary men tauly bokterlerine dejin sozylyp zhatty Kejbir mәlimetter bojynsha Қasym han tusynda Қazak handygynyn shekarasy soltүstik shygysta Ұlytau kyrattary men Balkash ozeninin zhagalauyna dejin al soltүstik batysta Zhajyk ozenine dejin zhetetin Қasym tusynda Қazak handygy halkynyn sany bir millionnan asty Қasym han zhajynda ӨndeuӘlihan Nurmuhameduly Bokejhan kezinde bylaj dep zhazypty Қasym han bүkil kazak halkyn biriktiru arkyly үlken әskeri kүshke ie boldy Қarauyndagy halyktyn bakytyna oraj ol ozinin bejbitshiliksүjgish sayasatymen halyktyn mahabbatyna bolendi Osy bejbitshiliksүjgishtigimen Қasym han halyktar arasynda erekshe әjgili boldy Қasym han olgennen kejin ozara kyrkysulardyn orshi tүsuine bajlanysty Қazak handygy biraz әlsiredi al mogoldar men kazaktardyn arakatynasy ozgerdi Қasym hannyn kaska zholy Өndeu Қaska zhol dep atalatyn zan kazak arasynda burynnan kalyptaskan әdet guryp erezheleri negizinde Қasym han tusynda zhasalgan Onyn zhasaluyna sebep bolgan zhagdajlar mynalar Қasym hannyn biligi tusynda Kerej Zhәnibek zhәne Buryndyk handar kezindegi kazak kogamy anagurlym zhogary satyga koterildi Қazak halkynyn etnikalyk territoriyasy tolygymen biriktirildi Handyk bilik etnikalyk territoriyaga tolyk tarap roli artty Қazak handygynyn zhana kalyptaskan zhagdajyna buryngy әdet guryp zany saj kelmejdi Қazak handygynyn kuryluy men nygayuy ishki feodaldyk kyrkystar men alasapyrankylykty ayaktatty үnemi er olip oris buzylyp otyratyn tajpalyk talas tartystarga tyjym saldy El ishinde bejbit bereke ornady Munyn ozi koshpeli sharualardyn burynnan kalyptaskan dagdyly dәstүrge baj mal zhajylystarynan merzim bojynsha tiimdi pajdalanuyn kezinde oris konys zhajlau kystaularyna koship konuyn bejbit omir otkizip ondirispen shugyldanuyn kamtamasyz etti Sojtip әleumettik ondirgish kүshterdi osirdi Қosymsha ӨndeuBizge belgili Қasym hannyn kaska zholy Esim hannyn eski zholy zhәne Tәuke hannyn zheti zhargy zheti zhargysy osy han kenesinin sheshimi arkyly zharykka shygyp elge taralgan Zhәngir hannyn uly Қasym Қasym hannyn kaska zholyn Esim hannyn eski zholyn oz dәuirine saj etip sondagy erezhelerdin zheti tүrine kүrdeli ozgeris engizgendikten ol ozgerister Tәuke hannyn Zheti zhargysy Zheti zharlygy atalyp ketken delinedi Birinshi zharlygy Halyktyn hany sultany piri әzireti kastan oltirilse olardyn әrkajsysy үshin zheti kisinin kuny molsherinde kun tolensin Ekinshi zharlygy Toreler men kozhalardyn zhaj katardagy bireui oltirilse olardyn әrkajsysyna aksүjektin pirdin tukymy dep eki kisinin kuny tolenui tiis Үshinshi zharlygy Syrttan kelgen adam үjge kirerde minip kelgen atyn bosagaga bajlagandyktan bireudi teuip oltirse bүtin kun үjdin zhapsaryna bajlagan at teuip oltirse zharty kun al үjdin artyna bajlagan at teuip oltirse tek at ton ajyp tartady Tortinshi zharlygy Ata anasyn tugan balasy renzhitip karsy kelip kol zhumsasa onda ol balany ata anasy oltiremin dese de erikti surausyz bolady Besinshi zharlygy Kәmeletke zhetken balasy tugan ata anasyna til tigizip sokkeni үshin kol tigizbese kara siyrga nemese kara esekke teris mingizip mojnyna kurym ilip bүkil auyldy ajnaldyru kerek Altynshy zharlygy Қuda tүsip kujryk bauyr zhegennen son ak bataly zhesir baskaga ketse ogan berilgen kalyn mal zhesir iesine tүgel kajtarylyp onyn үstine kalynsyz kyz nemese bir kyzdyn kalyn maly tolensin Zhetinshi zharlygy Ұrydan ajyr tүjege nar atka aruana tajlakka atan tajga at kojga tana toletedi Onyn үstine үsh togyz ajyp tolejdi N Өseruly Zheti zhargy Almaty Zheti zhargy 1995 zhylҚasym han zhazba derekterde ӨndeuTegerandagy Қazhy Husejn Malek kitaphanasynan tabylgan kolzhazbalardyn biri Tarih i Safavie Sefevidter әuletinin tarihy dep atalady Bul kolzhazbanyn avtory Ismail Husejni Marashi Tabrizi Ol oz ortasyna Mir Mulajim Bek degen atpen tanylgan Sondaj ak onyn Da va degen lakap aty da belgili Atalmysh kolzhazba Sefevidter әuletinin XVI XVIII gasyr ta rihy men osy әulettin korshiles eldermen aradagy karym katynasy turaly syr shertedi Bul kolzhazba 372 paraktan turatyn komakty enbek Better sany tүgel emes basynda zhәne sonynda betteri tүsip kalgan Zhazuy nasta lik үlgisinde tanbalangan Қolzhazbanyn algashky bolimderinde Sefevidter әuletinin bilikke kelu tarihy men bilik kuruy turaly әngime bolady Al kolzhazbanyn songy boliminde osy әulettin Ortalyk Aziya handarymen karym katynasy olardyn bir birimen aradagy ozara diplomatiyalyk katynasy әngime bolady Tarih i Safavie kolzhazbasynyn avtory osy enbekti zhazu үshin birneshe tarihi enbekke Rauzat as safa Tarih i alam araji Abbasi Habib as Sijar sүjengendigin zhәne sondaj ak shygarmany zhazu barysynda auyzsha zhetken derekter men әngimelerdi pajdalangandygyn tilge tiek etedi Tarih i Safavie kolzhazbasynyn birneshe zherinde Қasym hannyn aty atalady Shygarmanyn avtory Қasym handy Deshti Қypshaktyn hany kejde patshasy dep birneshe zherde atap korsetken Atalmysh kolzhazbadagy derekterge sүjensek Iran shahtary men Ortalyk Aziya handarynyn arasyndagy shieleniske toly okigalar әngime bolady Қazak handygyna katysty derek Қasym hannyn atymen tygyz bajlanysty Avtor Deshti Қypshak hany Қasym han men Shahi bektin arasyndagy tartysty bayandajdy Shahi bek Bukara hany Abdollanyn nemere inisi bolyp tabylady Okiga Iran shahy I Ismaildin Deshti Қypshak hany Қasym hanga hat zhazuynan bastalady Ol Қasym hanga zholdagan hatynda Shahi bektin ozinin atyna arnajy tenge soktyrganyn habarlap ogan karsy әreket koldanbasa mәselenin betin alu kiynga sogatynyn eskertedi Қasym han Iran shahyna zhazgan zhauap hatynda Shahi bektin atyn oshirip onyn ornyna ozinin atyn zhazdyrtyp tenge soktyruga bujryk bergendigin habarlajdy Hattardagy mәlimetterge karap Iran shahtarynyn Қasym hanmen katty sanasyp mәmilege zhүginip otyrganyn bajkajmyz Munyn barlygy Қasym hannyn resmi han koterilgenine dejin bolgan okigalar ekendigin eskergenimiz abzal Қasym hannyn esimi takka otyrganga dejin de tanymal bolgandygyn zhәne sayasi sahnada bedeli zhogary bolgandygyn osy kolzhazbadagy derekter dәleldep beredi Osy uakytka dejin bul kolzhazba turaly Ch Stori Persidskaya literatura katalogynda atap korsetken birak ol atalmysh kolzhazba turaly atap kana otken Zhalpy Tarih i Safavie degen atpen saktalgan kolzhazbalar kop birak solardyn ishinde atalgan nuska Ortalyk Aziya elderinin tarihyn zertteude kundy derekkoz bolyp tabylady Қazak tarihyna katysty kolzhazbalardyn biri Tegerandagy Қazhy Husejn Malek atyndagy ulttyk kitaphanadan tabyldy Muhammad Tahir Vahid Қazvini zhinaktagan Abbas shahtyn korshi elderdin patshalary men handaryna zhazgan diplomatiyalyk hattarynyn koshirmeleri Munshaat zhinagynda Iran shahtary men ozbek handygy arasynda zhazyskan hattardyn kazak tarihyn zertteuge kosar үlesi orasan mol Sebebi sol kezdegi ozbek handarynyn Iran patshalarymen aradagy diplomatiyalyk hat almasularynda Horasan Samarkand Bukara Deshti Қypshak zhәne Tashkent ajmagynda oryn algan tarihi okigalar әngime bolgan Dәlirek ajtkanda kүsh alyp kanatyn kenge zhajyp kele zhatkan Қazak handygy turaly ozbek handary Iran shahtaryna zhazgan hattarynda bayandap otyrgan Mysaly Abdulmumin hannyn Abbas shahka zhazgan hatynda Deshti Қypshakty mekendegen kazaktardyn sany kүnnen kүnge artyp kүshejip kele zhatyr osy zhajdy eskeru kerek dep zhazady 2 Zherlenui ӨndeuMuhammed Hajdar Dulatidyn zhazbalaryna karaganda Қasym han 1518 zhyly kajtys bolgan Al Tahir Muhammed ozinin Rauzat at Tarihirin atty enbeginde Қasym hannyn olgen uakyty 1521 zhyl dep korsetedi Қadyrgali Zhalajyrdyn sozi bojynsha Қasym han Sarajshyk kalasynda kaza bolgan Tarihshy A P Chuloshnikov Қasym hannyn Sarajshyktagy mazarynyn 17 gasyr basynda kulamaj aman turganyn zhazady 3 Derekkozder Өndeu Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6Syrtky siltemeler ӨndeuҚasym han turaly zhanadan tabylgan derek Қasym hannyn Қoska zholy Izashary Buryndyk han Қazak hany 1511 1521 Izbasary Mamash han https kk wikipedia org w index php title Қasym han amp oldid 2765521 betinen alyngan, уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана,

мақала

, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар.