fbpx
Уикипедия

Тоталитаризм

Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.

Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 19201930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев сияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.

Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  4. Тоталитаризм
Тоталитаризм, Тіл, Бақылау, Өңдеу, лат, totalіs, тұтастай, түгелдей, деспотизмнің, бір, түрі, орнаған, мемлекетте, қоғам, өмірінің, барлық, саласы, биліктің, бақылауында, болып, адам, бостандығы, мен, конституциялық, құқықтары, жойылады, оппозиция, мен, өзге, . Totalitarizm Til Bakylau Өndeu Totalitarizm lat totalis tutastaj tүgeldej despotizmnin bir tүri Totalitarizm ornagan memlekette kogam omirinin barlyk salasy biliktin bakylauynda bolyp adam bostandygy men konstituciyalyk kukyktary zhojylady oppoziciya men ozge sayasi oj okilderi sayasi kugyn sүrginge ushyratylady Totalitarizmnin tarihi үlgileri KSRO da Stalin Қytajda Mao Cze dun Soltүstik Koreyada Kim Ir Sen rezhimi kezinde fashistik Italiya men Germaniyada ornady 1 kogamnyn zheke adamdardyn omirin despottyk avtoritarlyk byurokratiyalyk memlekettin kүshimen baskaratyn kogamdyk sayasi kurylys Totalitarly sayasi zhүje en soraky tүri fashistik tәrtip 2 sayasi oj zhүjedegi totalitarlyk tәrtipti atkarushy bagyt 1 Barlyk totalitarlyk zhүjelerdin ortak 8 belgisi bar byurokratiyanyn bir partiya arkyly sayasi ekonomikalyk әskeri zhәne ideol үstemdik zhүrgizui sayasilangan ierarhiyalyk әleumettik kurylys mindetti tүrde kolyna zhogargy sayasi ekonomikalyk әskeri zhәne ideololgiyalyk bilik shogyrlangan kosemnin boluy kuyrshak parlamenttin boluy kogamdy korkynyshta zhәne tolyk bagynyshtylykta ustau maksatymen kugyn sүrgin naukanyn zhүrgizip turatyn kuatty kugyndau zhazalau organy әskerilendirilgen ekonomika ishki sayasattyn әskeri ondiristik keshenge tәueldiligi mәzhbүrleushi ideologiyanyn boluy ogan mojynsunbau auyr kylmys retinde bagalanuy kogamda zhau bejnesinin kalyptastyryluy sol zhauga degen zhek korushilik rezhimnin maksatyna zhetu zholynda bukaranyn zhumyluyna sebepshi bolady Kenester Odagynda Totalitarizm ornykkan 1920 1930 zh bajlar men kulaktardy tap retinde zhoyu sharalary zhәne auyl sharuashylygyn kollektivtendiru sayasaty zhүzege asyrylyp kazak halky alapat asharshylyk pen boskynshylykty bastan keshti Kenestik Totalitarizm ulttyk ziyaly kauym okilderinin bir boligin ozindik sayasi ustanymdaryna oraj tap zhaulary zhat pikirdegiler zhәne әleumettik kauipti elementter retinde kudalady A Bajtursynov Ә Bokejhanov M Zhumabaev Zh Ajmauytov Ә Bajdildin D Әbilov M Tynyshbaev T Ryskulov t b kazak kajratkerleri kenestik Totalitarizmnin kurbany boldy k Sayasi kugyn sүrgin 2 dүniezhүzilik sogystan kejingi kezende de Totalitarizm kysymshylygyn E Bekmahanov B Sүlejmenov B Kenzhebaev M Әuezov Ә Қonyratbaev Ә Margulan Қ Sәtbaev siyakty kazak ziyalylary bastan keshti Kenestik Totalitarizmge karsy narazylyk 1960 zhyldan karkyn ala bastady Bugan Mәskeude kazakstandyk zhastardyn Zhas tulpar ujymyn kuruy zhәne 1979 zh Celinogradta bolgan okiganyn boj korsetui dәlel bola alady 1986 zhylgy zheltoksan okigasy kenestik Totalitarizmge karsylyktyn ajkyn korinisi bolyp tabylady Totalitarly sayasi zhүje ӨndeuTotalitarly sayasattyk zhүje memlekettin kogamga zhәne zheke adamga tolyktaj tutas bakylau ornatuymen sipattalatyn sayasi zhүjenin bir tүri Ogan tәn erekshe belgiler azamattardyn kukyktary men bostandyktarynyn barynsha buzyluy barlyk dengejdegi biliktin zhogarydan tagajyndaluy bilik bolinisi principinin zhojyluy yagni biliktin barlyk atkarushy zanshygarushy sot tarmaktarynyn tutasyp ketui basynda kosemi bar bir gana bileushi partiyanyn boluy zhәne onyn memleketpen tutasyp ketui baska partiyalardyn zhәne ujymdardyn kyzmetinin resmi kozgalys kyzmetimen almastyryluy kogamnyn barlyk mүshelerine bir resmi ideologiyalyk doktrinanyn tanyluy tek kana memlekettik nysandagy bukaralyk akparat kuraldarynyn boluy kandaj da bolmasyn akparattyn katan sүzgiden otkizilui үzdiksiz әri tutastaj zorlykka negizdelgen memlekettik ujymdaskan lankestik 2 3 Derekkozder Өndeu Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7 https kk wikipedia org w index php title Totalitarizm amp oldid 2251282 betinen alyngan, уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана,

мақала

, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар.