Мағжан Жұмабаев ауданы
Мағжан Жұмабаев ауданы — Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 7,8 мың км². 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен. 2000 жылы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды. Орталығы – Булаев қаласы (1893 жылы құрылған), 1969 жылы қалалық статус алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106 км. 17 1 62 Бегманов Асқар Әбдiғалиұлы 54°54′54″ с. е.70°27′00″ ш. б. /54.91500° с. е. 70.45000° ш. б. /54.91500; 70.45000 Координаттар:54°54′54″ с. е.70°27′00″ ш. б. /54.91500° с. е. 70.45000° ш. б. /54.91500; 70.45000 7 810 км² 29 924 адам (2019) орыстар (57,47 %) 15 [ ] Аудан солтүстiгiнде және шығысында Ресей Федерациясының Омбы және Түмен облыстарымен, батысында - Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар және Қызылжар, оңтүстiгiнде - Тайынша және Ақжар аудандарымен шектесiп жатыр. Солтүстік бөлігі - орманды дала, оңтүстігінде шағын көл қазаншұңқырлары кездеседі. Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -18-19°С, шілдеде 18-19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-350 мм. Топырағы карбонатты қара топырақты, шалғынды-қара топырақты, орманды және сортаң топырақ. Ауданның өсімдік жамылғысы бетеге, боз, селеу, сәбізшөп, бидайық, жусан, т.б. құрайды. Орманды дала белдемінде қайың, терек, сібір үйеңкісі басым. Бұталардан итмұрын, шие, шаттауық, тал, т.б. өседі. Сирек өсімдіктеріне ашық құндызшөп, сарғыш құндызшөп, шүйіншөп, альпі астрасы, шайқурай, бетеге, шолпанкебіс жатады. Жануарлардан бұлан, елік, қасқыр, түлкі, күзен, борсық, қоян, ондатр, т.б. мекендейді. Құстардан қаз, үйрек, аққу; жыртқыш құстардан - қаршыға, т.б. кездеседі. Су айдындарында шабақ, мөңке, алабұға мол. Шағын көлдер бар. Ірілері: Келтесор, Майбалық және Қамыстысай өзені аңғарында Половинное, Соленое, Қамысты, Медвежье, Баранье. Бұл көлдердің басым бөлігінің суы ащы және тұзды келген. Тұрғындары 29 924 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (57,47%), қазақтар (28,54%), немістер (5,00%), украиндар (4,16%), татарлар (1,38%), поляктар (1,54%), беларустар (0,84%), поляктар (0,48%), литвалықтар (0,16%), шешендер (0,15%), чуваштар (0,14%), басқа ұлт өкілдері (1,06%). 63 елді мекен 1 қалалық әкімдігі мен 17 ауылдық округтерге біріктірілген: Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 313 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 25 - орта, 286 - шағын кәсiпорындар. Олардан 176 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 133 - жеке меншiк, 4 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша: Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 10,5%-ы (25 101,6 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 570,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 102,8% құрайды. Бөлшек тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 255,9 млн.теңге сомасын құрайды. Тауар айналымның физикалық көлемiнiң индексi 52,5% кұрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 146,9 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 37,3% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 1 558,5 млн.теңге құрады. Пайдалануға 8,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 24,4 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өсiп, 38 250 теңгенi құрады. Нақты жалақы 10,5% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 963 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 10 952 теңге құрады. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 637,2 мың га, жайылым мен шабындық 176,8 мың га. Қазақстан ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы Әкімшілігі Облысы Аудан орталығы Ауылдық округтер саны Қалалық әкімдіктер саны Ауыл саны Әкімі Тарихы мен географиясы Координаттары Құрылған уақыты Жер аумағы Уақыт белдеуі Тұрғындары Тұрғыны Ұлттық құрамы
қазақтар (28,54%)
немістер (5,00%)
украиндар (4,16%)
татарлар (1,38%)
поляктар (1,54%)
беларустар (0,84%)
поляктар (0,48%)
литвалықтар (0,16%)
шешендер (0,15%)
чуваштар (0,14%)
басқа ұлт өкілдері (1,06%).Сандық идентификаторлары Автомобиль коды Мазмұны
Аудан арқылы Сібір темір жолы Мәскеу-Владивосток темір жолы, сондай-ақ Петропавл-Омбы-Новосібір автомобиль жолы, Булаев-Молодогвардейский, Қарақоға-Конюхов автомобиль жолдары өтеді.
