Алматы халық шаруашылығы институтын (1982), қаржыгер-экономист; Халықаралық бизнес академиясының (2005), іскерлік әкімшілік ету магистрі мамандығы бойынша бітірген 1982 жылдан - Мембанкі Қазақ Республикасы кеңсесінің жоспарлау-экономикалық басқармасының аға, бас экономисі. 1987 жылдан - Тұрғынүйқұрылысбанкі жеңіл және тамақ өнеркәсібіне кредит беру және қаржыландыру басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1989 жылдан - «Орталықбанк»акционерлік банкі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1995 жылдан – әлеуметтік дамуға несие беру Қазақ акционерлік банкі басқармасының төрағасы. 1997 жылдан - «Тұрғынүйқұрылысбанкі» ЖАҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.